суббота, 4 августа 2012 г.

жапонияны оригами






Зерделі - Жердегі күн

Зерделіден зейіндіге қалар сөз

Күнде бас сұға бермейтін дегенмен, мереке сайын ағылатын гүл дүкендерінде раушан, қызғалдақ секілді гүлдермен қатар  тағы бір гүл тұрады.  Ол – бақытгүлі. Күншығыс елінде қадірлі және қасиетті саналатын бұл гүлдің тарихы жайлы баяндасақ

Бақытгүлінің Отаны Қытай  елі.  Бұл ел  б.з.д 551—487 жылдары аталмыш гүлді өсіре бастаған. 

Ел арасында осы гүлге байланысты аңыз бар. Таң империясында бір қатал патша болған екен. Күндердің бір күнінде алыста, ел қонбаған аралда мәңгілік өмір сүруге болатын дәрі жасауға болатын бақытгүлі өседі екен деген  әңгіме тарайды.  Тек ол гүлдерді  ниеті таза адам жұлуы тиіс, әйтпесе ол ғажайып қасиетін жоғалтады екен.   Бұл сөздерді естіген патша 300 қыз бен жігітті жіберген көрінеді.   Бірақ, олар қайтып оралмапты.  Сол аралда қалып бүгінгі алып империя- Жапонияны құрған деседі.

Сондықтан да болар, Еуропа елдерінде қайғының белгісі болып саналатын гүл,  Жапонияда   қасиетті  саналады.  Бақытгүлінің суретін елтаңбаларына, тиындарына енгізіп мемлекеттік белгіге айналдырды. Жапонияның ресми белгісі.    Мерекелерде аталмыш  гүлді  тек қана император отбасысы ғана тағатын құрметке ие болған екен. Ал төменгі тап пен  орта топ өкілдері бақшаларында өсіріп,  одан ләззат  алатын болған. Шығыс күнтізбесі  бойынша, тоғызыншы айдың  тоғызыншы күні  — Kmy-но-сзкку (Бақытгүлі мерекесі) атты  жапондықтардың сүйікті мейрамдары аталып өтіледі.  Ертеде бұл күні адамдар үйлерін гүл шоқтарымен үйлерін әрлеп, хризантема толтырылған кемелермен өзен бетінде жүзетін болған.  Ал бүгіндері жапон халықтары мереке құрмаетіне байланысты түрлі көрмелер мен конкурстар жариялап, хризантемадан дәстүрлі  дәмді ас дайындайды.  Жапонша «кику» сөзі –«күн» дегенді білдіреді.  Сары түсті бақытгүлі бір қарағанда күнді еске түсіретіні рас. Мүмкін содан да шығар жапондықтардың қастерлейтіні .

Он мыңнан астам түрі бар бұл гүл әлемнің түкпір -түкпірінде өсіріліп, адамдарға қуаныш сыйлауда. Гүл индустриясындағы жетекші елдер бақытгүлінің  түрлерін бір- бірімен будандастыру арқылы  түстерін өзгертіп, одан сайын көзді қыздыра түсуде.  Ақ түсті бақытгүлі шынайылық пен ашықтықтың, адалдықтың белгісі. Негізі бұл гүлді –әмбебап гүлдің қатарына жатқызуға болады.   Туған күнде, мейрамдарда, қуанышты жаңалықта, тойға апаруға болатын гүл.

Бұл гүл  түрлеріне байланысты әр түрлі жерде өсіріледі. Өзі күнге ұқсағандықтан ба күннің энергиясын көп қажет етеді.   Егер бөлмеде өсіретін болсаңыз, терезенің жанына не болмаса күн сәулесі көп түсетін жерге қойғаныңыз дұрыс.   Топырағы құнарлы болуын және күтіп өсірілуді талап ететін гүл.

Арнайы Зерделі үшін Рысгүл Матжанқызы

Әлеуметтік желілерге хабарла

source




Комментариев нет:

Отправить комментарий